Ақтауда «Масат» азық-түлік базары өртенді

27 Қыркүйек 2020, 11:45
1603
Бөлісу:
Ақтауда «Масат» азық-түлік базары өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Ақтау қаласында «Масат» азық-түлік базары өртенді.

27 қыркүйек күні сағат 7:55-те «Масат» азық-түлік базарының аумағында 17 сауда нүктесі мен 14 контейнер, 60 сөре өртенген. Өрттің жалпы аумағы 750 шаршы метр, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.  
ТЖМ бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде өрт сағат 9:16-да сөндірілді.   

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өрт сөндіруге 68 қызметкер мен 13 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 


Өзгелердің жаңалығы