Бас жаңалықтар
Ақтауда дирижерлер байқауы өтіп жатыр  
25 Сәуiр 2019, 12:20 419

Ақтауда дирижерлер байқауы өтіп жатыр 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Боздақ Рзаханов атындағы ІІІ республикалық дирижерлер байқауы басталды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

«Сиқырлы таяқша» иегері атану үшін еліміздің әр өңірінен 20-35 жас аралығындағы 13 талантты жас жиналды. Олар екі күн бойы 20 шығарманы орындап, оркестрмен жұмыс істеу шеберлігін көрсетулері тиіс. Маңғыстау сазгерлерінің ән-күйлеріне басымдық беріледі.

«Жастар жылы аясында өтіп жатқан шараның негізгі мақсаты – осы өнердегі жаңа есімдерді анықтау. Сонымен қатар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында аймақтан шыққан тұңғыш  кәсіби дирижер Боздақ Рзахановтың еңбегін дәріптеу», – дейді ұйымдастырушылар.

Байқауда Мемлекеттік академиялық филармониясындағы қазақ оркестрінің бас дирижері Айтқали Жайымов бастаған білікті мамандар қазылық етеді. Жеңіске жеткен жас дирижерға 1 миллион теңге берілмек.

"Дирижер – өте қиындық мамандықтың бірі. Сондықтан екінің бірі дирижер бола бермейді. Артымыздан қандай дирижерлер өсіп келе жатыр, қандай деңгейде келе жатыр, бағыт-бағдары қандай екенін сұрыптауға, анықтауға әрқашан конкурстар көмектесіп тұрады", - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Айтқали Жайымов.

Конкурска қатысу арқылы үміткерлер үлкен сабақ алады.

"Республикалық конкурс – дирижер үшін үлкен сын. Бұл өмірлік тәжірибе. Бұл әрбір облыстың оркестрін басқарып отырған дирижерлерге міндетті түрде керек. Конкурсқа қатысу арқылы үміткерлер үлкен сабақ алады. Оркестрмен жұмыс жасау методикасын, өзінің трактовкасына байланысты методикаларын дамытады", - деді облыстық филармонияның Дәулеткерей атындағы қазақ оркестрінің бас дирижері Еркін Нұрымбетов.
Загрузка...

Сізден жаңалық