Ақтөбеліктердің атына 7,7 млрд теңге жарна түсті

5 Маусым 2019, 20:12
1473
Бөлісу:
Ақтөбеліктердің атына 7,7 млрд теңге жарна түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл қаражат 2020 жылы сақтандырылған тұрғындардың еміне жұмсалады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Ақтөбе облыстық филиалы 2017 жылдан бері түскен жарна мөлшерін жариялады. 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 176,7 млрд теңге түсті. Соның 7,7 млрд теңгесін ақтөбеліктер аударған.

Бұл қаражат негізінде жұмыс берушілерге тиесілі, сондай-ақ 2017 жылы төлем жасаған кәсіпкерлердің үлесі де бар.

Осылайша, жұмыс берушілер 7,4 млрд теңге аударса, кәсіпкерлер 0,3 млрд теңге көлемінде төлем жасаған.

«Қазіргі таңда барлық жұмыс берушілер медициналық сақтандыру қорына жарна төлеп жатыр. Бұл заң бойынша міндетті болып саналады. Жұмыс берушіңіз сіздің жалақы мөлшеріңіздің 1,5%-ын өз қаржысынан медсақтандыру қорына ай сайын аударып келеді», - деді филиалдың сарапшысы Айгүл Жанасаева.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

Өзгелердің жаңалығы