Бас жаңалықтар
Ақтөбеліктер Арыс қаласындағы қираған үйлерді жөндеп жатыр
11 Шілде 2019, 05:36 255

Ақтөбеліктер Арыс қаласындағы қираған үйлерді жөндеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Арыс қаласына келіп, құрылыс барысымен және штаб жұмысымен танысты. Сапар барысында тұрғын үйлерді аралап, меншік иелерімен жүздесті деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жалпы  Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 12-секторда қираған үйлердің құрылыс жұмыстары Ақтөбе облысының тұрғындарына жүктелген. Ал, ұйымдастыру жұмысы Келес ауданына артылған. Бұл аумақта 789 тұрғын үй бар. Оның ішінде 472 үйге ақау актісі жасалған, құрылыс жұмыстарын жүргізу талап етілген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 50 процент аяқталды»,-делінген хабарламада.

Қала тұрғындары құрылысты  жедел жүргізіп жатқан ақтөбелік ағайынға алғыстарын білдірді.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық