Бас жаңалықтар
Ақтөбелік полицейлер "Велосипед" базасын құрды
06 Маусым 2020, 09:49 174

Ақтөбелік полицейлер "Велосипед" базасын құрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік полицейлер АІК (ақпараттық іздеу картасы)-"Велосипед" базасын құрды. 

Осы базаға ерекше белгілер, маркасы, түрі, түсі, шығарылған жылы, раманың түрі, иесі туралы мәліметтер, өндіруші елі және т.б. қосымша ақпарат енгізіледі.

Аталған іс-шаралар велосипедтерді ұрлау фактісін ашуға көмектеседі, өйткені біз велосипед кімге тиесілі екендігін рамалардың
нөмірлері бойынша біле аламыз. Жаз басталысымен велосипед ұрлығы жиілеп кетті және велосипед сататын орындарда сауда орындарының иелерімен жаңа велосипедтерді аталған категориялар бойынша есепке қою қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Сонымен қатар, велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында Ақтөбелік полицейлер сатушылар мен велосипедшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары азаматтарға жолдағы қауіпсіздік шаралары мен велосипедтерді сақтау ережелері туралы түсіндіреді.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 46 велосипед ұрлығы тіркеліп, оның 30-ы ашылды.

Үй иелерінің салғырттығы-олар велосипед төлқұжатын сақтамауы сол себепті оны сатып алу фактісін жиі дәлелдеу мүмкін емес, раманың нөмірін білмейді, сондықтан ұрланған велосипедті қайтару мүмкіндігі одан да азая түседі. Бұрын  пайдаланылған велосипедті сатып алған кезде оның ұрланғанбағанына көз жеткізу үшін құжаттарды талап ету қажет, - Арыстанов.

Сондай-ақ, велосипедтерді (жеңіл өткізу) сатып алуға дайын жекелеген азаматтардың моральдық тұрғыдан төмендігі себептердің бірі болып табылады. Бірақ бұл жағдайда, (көрінеу ұрланған затты сатып алу), сіз оған қандай да бір өтемақы төлеусіз айырылуға тәуекел етуге мәжбүрсіз. 


Фото: дереккөз
Загрузка...