Ақтөбелік өнерпаздар Украина елінде жүлделі болды

13 Маусым 2019, 11:11
1679
Бөлісу:
Ақтөбелік өнерпаздар Украина елінде жүлделі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті жердің өнерпаздары Одесса қаласында өткен байқауда бас жүлдені иеленді. Бұл туралы aktobenews.kz сайтында хабарланды.

Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры Украина елінің Одесса қаласында өткен «Южная Пальмира» атты 24-ші Халықаралық хорлар мен вокалдық ұжымдар арасындағы байқауда бас жүлдені иеленді. «Джаз музыка» және «Халық музыкасы» номинациялары бойынша бірінші орынды бермеген ақтөбеліктер жеңісін еселеді. Украина, Белоруссия, Польша, Италия, Болгария, Армения жəне Молдавиядан келген жиырмадан астам вокалды ансамбльдер арасында «Үздік дирижер» ретінде Мербол Куспанов танылып, «Үздік солист» атағына Серік Жұбатқан ие болды.

Мербол Куспановтың айтуы бойынша өнер бәсекесінде әділқазы төрайымы Леся Дичко болған. Ғазиза Жұбановамен бірге оқыған украинаның халық әртісі «Галяны сағындым» деп көзіне жас алды дейді.

Өзгелердің жаңалығы