Ақтөбелік имамдар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

21 Ақпан 2019, 15:31
1688
Бөлісу:
Ақтөбелік имамдар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбелік имамдар көпбалалы мұқтаж отбасылардың үйін аралады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі қайырымдылық шараларын жан-жақты өткізіп келеді. Солардың бірі жуырда көпбалалы және жалғызбасты мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті. «Нұрғасыр» мешітінің бастамасымен қала мешіттерінің имамдары 10 отбасыны аралап, жағдайларымен танысты. Мешіт жамағатының атсалысуымен 170 мың теңгеге азық-түлік алынып, 160 мың теңгеге қаржылай көмек ретінде берілді.

Сонымен қатар, өтініш жасап денсаулығы бойынша көмек сұрап келген ананың еміне 74 000 теңге аударылып, отасы сәтті шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе өкілдігі жамағаттың қолдауымен биыл «Ел үлесі пәтерге» атты қайырымдылық акциясын іске қосты. Шараның мақсаты – аудан, ауылдардан мұқтаж отбасыларға баспана алып беру. Қазірдің өзінде жәрмеңкелер өткізу арқылы 800 мың теңгеге жуық қаражат жиналған.

Өзгелердің жаңалығы