Ақтөбелік 10 отбасы баспаналы болды

29 Наурыз 2019, 17:51
2491
Бөлісу:
Ақтөбелік 10 отбасы баспаналы болды

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде 10 жас отбасы баспаналы болды. Жастар жылы аясында жастарға пәтер кілттерін "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев табыстады.

Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүрген "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жас отбасыларға пәтер кілтін табыстады. "Нұр Ақтөбе" ауданындағы пәтерлерге жетім, аз қамтылған, мүгедек санатында көп жылдан бері кезекке тұрған азаматтар ие болды.

«Әйтеке би ауданындағы орта мектепте мұғаліммін. Колледжде оқып жүргенімде анамнан айырылып, кейін үш бауырым қолдау білдірдіү Оқу орынымды былтыр үздік дипломмен тәмамдадым. Туған өлкемде қызмет етіп жатырмын. Жалақымның жартысын банктегі есепшотыма жүйелі түрде аударып отырдым. Бүгін армандаған пәтеріме қол жеткіздім. Өте қуаныштымын», - деді ақтөбелік Ринат Самалұлы

Жастарға баспаналарының кілтін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев табыстады. Көлемі 44 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерлер 6 жылға несиеге берілді.

«Елбасы саясатының негізгі басымдығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Жұмыспен қамту, дұрыс жалақы беру, баспанамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім салаларының сапасын жақсарту секілді. Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде халықтың әл-ауқатын арттыру үшін нақты тапсырмалар берді. Әр адамның баспанаға қол жеткізуі үлкен бақыт. Баспанаға мұқтаж адамдарға көмектесу жұмыстары әрі қарай жүргізіледі», - деді Мәулен Әшімбаев.

"Nur Otan" партиясының кезекті XVIII съезінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін көпбалалы және жағдайы төмен отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салу тапсырылды. Ақтөбе облысында көлемі 12 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталды. Баспаналардың 60 пайызы көп балалы, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі. Жергілікті бюджет есебінен биыл Ойыл, Мұғалжар мен Қобда аудандарында 60 пәтерлі жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысы басталады. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің мәліметінше, былтыр өңірде әлеуметтік бағдарламалар аясында 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Жастар жылының алғашқы екі айында облыста 100-ге жуық бір бөлмелі пәтер жастарға жалға берілді.

 
Өзгелердің жаңалығы