Бас жаңалықтар
Ақтөбедегі төбелес: 1 бала қаза тауып, 2 бала жарақаттанған
12 Қараша 2019, 15:39 1540

Ақтөбедегі төбелес: 1 бала қаза тауып, 2 бала жарақаттанған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 10 қазан күні Заречный-3 елді мекеніндегі дүкеннің жанында кәмелетке толмаған балалар арасында төбелес болған.


Төбелес кезінде бір бала көз жұмып, қалған екеуі пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағының 1,7,9,14 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Тергеу жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабы негізінде 14 жасқа толған балалар қылмыс жасаған уақытта заң алдында жауап береді, 99-бап ("Кісі өлтіру"), 106-бап ("Денсаулыққа ауыр түрде нұқсан келтіру"), және 279-бап  бойынша ("Жалған ақпарат берген жағдайда және басқа да ауыр қылмыс жасаған кезде") жауапқа тартылады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...