Ақтөбедегі студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

10 Наурыз 2019, 09:48
1714
Бөлісу:
Ақтөбедегі студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбенің колледждерінде студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Мысалы, 1500 студент оқитын политехникалық колледжде «Өзіне өзі қызмет ету бұрышы» ашылды. Бұл жерде «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы қажетті құжаттарды алуға болады. Тәлім алушыларға жеңіл болуы үшін электронды кезек жүйесі де іске қосылды. Жалпы орталықта мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Күніне 20 студент келіп, өзіне қажетті құжатын алады.

Алысқа бармай-ақ, оқу орны ішінде барлық жұмысты тындыру студенттер үшін тиімді.

«Біз осы жерге келіп, жеке баста мүліктің жоқтығы туралы, мекенжай анықтамасы, тағы да өзімізге керекті құжаттарды ала аламыз. Ыңғайлы әрі тиімді. Біздің колледжде барлық студент пайдаланады», - дейді Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті Амандық Көбірбенов.

Өзгелердің жаңалығы