Бас жаңалықтар
Бүгін
Ақтөбеде жастар жылы аясында 300-ден аса іс-шара өтеді
09 Қаңтар 2019, 15:07 262

Ақтөбеде жастар жылы аясында 300-ден аса іс-шара өтеді

 Астана, baq.kz. Бұл туралы баспасөз конференцияда Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді, деп жазды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болуы тиіс. Біздің өңірде Қазақстанның болашағын қолдау үшін барлық шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 14-29 жас аралығындағы 200 мыңнан астам ақтөбелік жастарды қамтитын 300-ден аса шара өтеді», - деді Нұрлан Күнтуов.

Спикер өңірде Жастар жылын өткізу және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды.

«Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде халықаралық жастар ынтымақтастығын, еріктілер  қозғалысын дамытуға, қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, мәдени, азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарға баулуға, жастардың кәсіпкерлігін дамытуға баса назар аударылатын болады. Сондай-ақ, жастарды діни сауаттандыру, олардың құқықтық мәдениетін арттыру, жастарды жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бағыттары  бойынша жұмыстар күшейтіледі», - деді басқарма басшысы.

Атап айтқанда, өңірде халықаралық еріктілер форумы, 10-шы жазғы республикалық Универсиада, жас кәсіпкерлер форумы, «Жігер» әскери-патриоттық лагері және т. б. өтеді.

Жастар жылының қарсаңында 2018 жылдың қараша айында Ақтөбеде алғаш рет «Jas barys» атты облыстық жастар форумы өткізілген болатын. Форум барысында барлық қазақстандық жастарға арнап үндеу жолданды. Ақтөбеліктер  қазақстандық жастарды Отанымыздың патриоты болуға, сапалы білім мен қолжетімді тұрғын үй алу үшін мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға, мемлекеттің дамуына барлық күш-жігерлерін салуға шақырды.

Сізден жаңалық