Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысы азайды

26 Сәуір 2019, 13:31
3420
Бөлісу:
Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысы азайды

Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында жасөспірімдер қылмысы 25% төмендеді. Аймақтағы полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында жыл басынан бері 10-ға жуық акция мен жедел алдын-алу шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары түрлі құқық бұзушылық жасаған 1500-ге жуық жасөспірімді ұстаған.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында Ақтөбе облысында жыл басынан бері бірнеше жедел алдын-алу шарасы өтті. Акциялар мен түрлі шараларды өткізуге полиция департаментінің қызметкерлері өзге ведомствалар мен жастар ұйымдарының өкілдерін тартқан. Нәтижесінде 1500-ге жуық жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

«Биылғы 1-тоқсан нәтижесі бойынша 1482 кәмелетке толмаған тұлға ішкі істер органдары бөлімшелеріне жеткізілді. 1291-і әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. 21 жасқа толмаған 78 тұлғаға алкоголдік ішімдік пен 23 кәмілетке толмаған азаматқа темекі өнімдерін сату деректері анықталды. Акция нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарына кәмелетке толмағандарды кіргізген 75 кәсіпкер мен 112 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Түн жарымында көше кезген ақтөбелік жасөспірімдер үшін 1,5 мыңға жуық ата-ана да жазаланды. Полиция инспекторлары 3 мыңнан көп әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

«Дегенмен, 2019 жылдың 1-тоқсанын қорытындыласақ, өңірде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың 25,5%-ға төмендеген. Жасөспірімдер үшін жан-жақты бақылау болу керек. Жедел алдын-алу шаралары кезінде 80-нен астам кәмелетке толмаған жасөспірім Ақтөбе қаласындағы бейімдеу орталығына орналастырылды. Бала тәрбиесіне ата-ананың рөлі жоғары. Тәрбие беру міндетін дұрыс атқармаған 2 ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылды. Тағы 46 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тарттық», - деді Ерболат Сарқұлов.

245 жасөспірім мен 156 қолайсыз отбасы өңірдегі ішкі істер бөлімдерінің есебіне алынды. 

Өзгелердің жаңалығы