Бас жаңалықтар
Ақтөбеде өзге өңірдің азаматтары дауыс беріп жатыр
09 Маусым 2019, 10:51 288

Ақтөбеде өзге өңірдің азаматтары дауыс беріп жатыр

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Саяси науқанға қатысып, дауыс берген ақтөбеліктер арасында өзге аймақтың да азаматтары бар. №88 сайлау учаскесінде 160-қа жуық адам дауыс береді.

Ақтөбе медициналық орталығында орналасқан №88 сайлау учаскесінде ауырып, ем іздеген жандар дауыс береді. Жабық сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталды.

"Ақтөбе медициналық орталығында 200-ден астам адам бар. Балалар және ерсектер бөлімдерінде бірнеше бөлімшелер бар. Таңғы сағат 8.00-ге дейін дауыс берушілердің 70% өз міндеттерін орындады. Орталықта емделіп жатқандардың дені - ересек жандар. Сондықтан дауыс беру науқаны тез атқарылып жатыр. Жабық сайлау учаскесі болғандықтан біз кешкі сағат 20.00-ді күтпейміз. Ерте аяқталады", - деді №88 сайлау учаскесіндегі комиссия төрағасы Ләззат Қабиева.

Кезектен тыс президент сайлауында дауыс беріп жатқандар қатарында өзге өңірлердің де азаматтары бар.


"Президент сайлауында Ақтөбеде дауыс беремін деп кім ойлаған. Өзім Атырау облысынанмын. 15 күннен бері осы орталықта емделіп жатырмын. Өз таңдауымды сайлауда дауыс беру арқылы жасадым. Науқастардың да дауыс беруіне жағдай жасап қойған. Ғимараттан шықпай-ақ саяси науқанға қатыстық. Ризамын. Сайлауда дауыс беру өте маңызды", - деді атыраулық Сүндетолла Қарақұлов.

Ақтөбе медициналық орталығында қазір 200-ден астам науқас бар. 45 адамның халі ауыр. Олардың дауыс берулері үшін жылжымалы жәшіктерді түс кезінде алып барады. Ал, балалар бөлімшесінде 30-ға жуық ана дауыс беруге өтініш білдірген.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық