Ақтөбеде әйелдер арасындағы суицид төмендеді

23 Шілде 2019, 00:44
1975
Бөлісу:
Ақтөбеде әйелдер арасындағы суицид төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбелік полицейлер әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстарын қортындылады. Жыл басынан бері әйелдерге қатысты 2148 арыз бойынша қылмыстық іс тіркелді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 23,8% -ке аз. Соның ішінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру өткен жылға қарағанда 25 процентке азайды, денсаулыққа қасақана орташа дәрежедегі зиян келтіру 15 процентке азайды.Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың 18,8% - і мүліктік сипатқа ие»,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс істемейтін ер адамдар ішімдік ішіп алып, отбасында жиі жанжал шығаратыны анықталды. Учаскелік полиция инспекторлары 1200-ге тарта тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. 2019 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы суицид фактілері 50,8% - ке төмендеген.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында және Ақтөбе облысы Полиция департментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының жоспарына сәйкес жыл басынан бері «Тұрмыс», «Жайлау» және «Халықаралық отбасы күні» аясында алдын алу іс-шаралары өткізілуде. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, олардың құқықтарының сақталуын қадағалау, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында халықтық кеңсе ғимаратында, дағдарыс орталықтары мен Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әйелдерге қабылдау өткізіліп, оларға ақыл-кеңес берілді.

 

Өзгелердің жаңалығы