Ақтөбеде медициналық мекемелер қағазсыз құжат айналымына көшті

7 Ақпан 2019, 12:44
2371
Бөлісу:
Ақтөбеде медициналық мекемелер қағазсыз құжат айналымына көшті

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Электрондық форматқа медициналық құжаттаманың барлық қолданылатын нысандары ауыстырылды, ауруханалық парақтарды, ақылы препараттардың рецепттерін электронды түрде беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда 4179 аурухана парағы беріліп, 1309 ақылы рецепт жазылған.

Ағымдағы кезеңде облыстың амбулаториялық қызметтері 760736 электрондық денсаулық төлқұжатын цифрлады, бұл тіркелген халықтың 99,3% - ын құрайды (халықтың көші-қонын есепке алғанда).

Халыққа қолайлы болу үшін «DamuMed» және «k-vrachu.kz» мобильді қосымшалары іске қосылды, сондай-ақ арнайы дәрігерлердің жұмыс кестесімен танысуға, тіркелу учаскесін анықтауға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және қажет болған жағдайда жазылуды тоқтатуға болатын http://dmed.kz / және k-vrachu.kz web-порталдары іске қосылды. Мобильді қосымша скринингтен өту қажеттілігі туралы Push-ескертпелерді және дәрігерге бару туралы ескертулерді жібереді.

«Осылайша, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандырудың арқасында аймақтың медициналық мекемелерінде жұмыс тиімділігі артты: емделушінің кезекте күту уақыты 30 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды, дәрігердің науқасты тексеру уақыты 20-30 минутқа дейін ұзартылып, жедел жәрдемнің келу уақыты 15 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды. 2019 жылға арналған жоспарда диагностикалық жабдықтарда шығарылған суреттерді электрондық форматқа көшіру, «Олимп» және «Invitro» зертханаларының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жұмыстары бар», - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы