Ақтөбеде көлігін қоқыс алаңына қойған жүргізушілер жазаланады

5 Ақпан 2019, 14:36
1940
Бөлісу:
Ақтөбеде көлігін қоқыс алаңына қойған жүргізушілер жазаланады

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде қоқыс жәшіктерінің алдына көлігін қойған жүргізушілер жазаланып жатыр. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Ақтөбе қаласында қоқыс шығарумен 3 компания айналысады. Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, тек бір компанияға шағым бар, бірақ өте аз.

«Тек қоқыс шығару компанияларын кінәлауға болмайды. Күн сайын 6-7 қоқыс жәшігі тұрған алаңға түнде көлік қойылады, сондықтан қоқыс түнде жиналмайды. Күндіз соны суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды. Аспаннан ұшып келіп, қоқыс алатын көлігіміз жоқ. Сондықтан көлігін қоқыс алаңына қойған жүргізушілер жазаланады. Полиция қызметкерлерімен бірге эвакуатор барып, айыппұл тұрағына қойылады. Барлығы 12 жағдай тіркелді. Айыппұл төлеп жатыр. Ал қоқыс уақытында жиналмай, оған компания жауапты болса, әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы толтырылып, айыппұл төлейді», - деді қала әкімі І.Испанов.

Өзгелердің жаңалығы