Ақтөбеде іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды

1 Наурыз 2019, 19:26
1349
Бөлісу:
Ақтөбеде іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі «Көліктегі қауіпсіздік» іс-шарасын аясында екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Барлығы 49 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

«Бергіленбеген жерлерде сауда жасау, қоғамдық орында алкогольдік ішімді ішу немесе масаң күйінде келу, қоғамдық орында темекі шегу, қоғамдық орында тиісу, көші-қон ережелерін бұзу, темір жол арқылы бергіленбеген жерден өту, қоқыс тастау анықталды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталып, жолаушылар пойыздарында, теміржол мекемелерінің жұмысшылары арасында барлығы 7 түсіндіру кездесуі өткізілді», — деді Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі.

Өзгелердің жаңалығы