Ақтөбеде инвестицияның көлемі артты

10 Қаңтар 2019, 20:24
2198
Бөлісу:
Ақтөбеде инвестицияның көлемі артты

Ақтөбе, baq.kz. Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықтан қорғалғысы келетін инвесторлар саны артып келеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай, 9 қаңтарда «Protecting Business and Investments» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Расул Медетов және «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Вэй Юйсян жалпы саны 3,7 трлн. теңгені құрайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған келісімге қол қойды.

Кездесу барысында Департамент басшысы осы жобаның елдегі бизнес ахуалды жақсартуға және бизнес өкілдерінің кездесетін әкімшілік кедергілерін жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Елбасымен алға қойылған міндеттерге сәйкес, Агенттік төрағасының тапсырмасымен бүгінгі күні бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстасының негізгі бағыттарының бірі ретінде көзделгенін атап өткім келеді. Бүгінгі бизнес қорғауыды талап етеді.Оған кез-келген араласу төтенше жағдай болып саналады және тиісті шаралар қабылданады болады», - деді Р. Медетов.

Өз кезегінде, «CNPC - Ақтөбемұнайгаз» АҚ директоры Вэй Юйсян бұл жобаның арқасында шетелдік инвесторларға өз бизнесін жүргізуге әлдеқайда жеңіл әрі тиімді жол ашылатындығын мәлімдеді.

Бүгінгі күні Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жалпы сомасы4 трлн. 163 млрд. теңгені құрайтын 24 инвестициялық келісімге қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы