Ақтөбеде есірткі заттарын жарнамалаған 250 сайт анықталды

13 Шілде 2019, 03:42
1313
Бөлісу:
Ақтөбеде есірткі заттарын жарнамалаған 250 сайт анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өңірде «нашақор» деген диагнозбен 1600-ге жуық адам есепте тұр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте 6 айдың ішінде 117 келі есірткі тәркіленгені жазылған. Осылайша, есірткі тасымалдау мен тарату бойынша 119 қылмыс тіркелген.

Есірткіге мас болып, көлік айдаған 75 жүргізуші ұсталды.

Есірткіні сайт арқылы да сатып жатыр. Қылмысқа қатысы бар деген 250 сайт анықталды.

Өзгелердің жаңалығы