Бас жаңалықтар
Ақтөбеде Бауыржан Ақшолақовты еске алу турнирі басталды
08 Қараша 2019, 20:04 636

Ақтөбеде Бауыржан Ақшолақовты еске алу турнирі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Жекпе-жек сарайында  бокстан халықаралық турнир басталды. Шара әлемнің үздік 8 спортшысы қатарына енген былғары қолғап шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналды, деп хабарлады Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбеде бастау алған турнирге Германия, Қырғызстан, Өзбекстан,  Ресей және Қазақстананнан 120 спортшы келді. Былғары қолғап шеберлері олимпиадалық 10 салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Олар әлем және Азия, Еуропа біріншілігінде топ жарып жүрген жастар. 

Турнирге арнайы келген Германия бокс федерациясының вице-президенті Карл Паукнер "қазақ боксы" әдісін зерттеу, былғары қолғап шеберлерімен жүздесіп, тәжрибе алмасу басты мақсат екенін айтты. 
Турнир жақсы деңгейде өтіп жатыр. Жарысқа 6 спортшымызды алып келдік. Қазақ жерінен танымал спортшылар шыққанын білеміз.  Осындағы спортшылар мен жаттықтырушылардың шеберлігін бақылап отырмыз. Мықты жігіттер. Біздің спортшыларымыз да осал емес, - деді ол.
акшол1.jpg

Бауыржан Ақшолақов – Кеңес Одағында ғана емес әлемнің назарында болған спортшы. 1989 жылы Пуерта-Рикода өткен біріншілікте ақтөбелік боксшы әлемнің үздік 8 боксшысы қатарына енді. Көзкөргендер турнирде жігерлі споршыларға үлгі етті. Әлемді мойындатқан боксшы атындағы турнир 10 қарашаға дейін жалғасады. Жеңімпаз атанған спортшыларға "спорт шебері" дәрежесі беріледі.

Фото: дереккөз
Загрузка...