Ақтөбеде «Бақытты бала» эстрадалық әндер байқауы өтеді

13 Шілде 2019, 11:56
1985
Бөлісу:
Ақтөбеде «Бақытты бала» эстрадалық әндер байқауы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүлдіршіндер арасындағы халықаралық жарысты «ДимашӘли» шығармашылық орталығы ұйымдастырған.

Өнерлілер сайысына қатысуға Ресей мен Украина сынды жақын шетелді айтпағанда, Греция мен Канада сияқты шалғай елдерден де үміткерлер өтініш білдірген. Әділқазылар 500-ден астам балғынның арасынан 20 жезтаңдай әншіні таңдап алды. Енді олар алдағы екі күн ішінде өзара сынға түседі. Шешуші кезеңде үзіктерді анықтау халықаралық деңгейдегі қазыларға жүктелген. Марат Әйтімов пен Ұлықпан Жолдасов сияқты елімізге белгілі өнер майталмандарымен қатар Украиналық танымал әнші Аида Николайчук пен композитор Евгений Евзеров бар. Жексенбі күні болатын гала-концертте өткен жылғы жеңімпаз Ержан Максим қатысады деп күтіліп отыр. Ұйымдастырушылар «Бақытты бала» фестивалі болашақта «Славян базары» мен «Новая волна» сынды үлкен сайыстардың деңгейіне жететініне сенімді. Ал Ақтөбе тарихында екінші рет өтіп тұрған сайыстың бүгін соңғы дайындықтары өтіп жатыр.

«Бұл статусы жөнінен ашық балалар байқауы. Сондықтан енді біздің ақтөбенің төріне қазір 8-9 мемлекеттің балалары іріктелініп, қатысатын балалардцың деңгейі өте жоғары. Әрқайсысы өздерінің тілдеріндегі өздерінің елінің мәдениетін айшықтап сахнаға алып шығып, додаға түсетін болады», -дейді шығармашылық орталық басшысы, Қанат Айтбаев.

Өзгелердің жаңалығы