Ақтөбеде автобус аударылып, 26 адам зардап шекті

15 Ақпан 2020, 12:41
1571
Бөлісу:
Ақтөбеде автобус аударылып, 26 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 15 ақпан күні сағат 9:40 шамасында қоғамдық көлік пен такси соқтығысып қалды.

"Фольксваген-Поло" таксиімен 37 бағыттағы ПАЗ автобусы соқтығысып, салдарынан автобус аударылып қалған.

 Жол апаты салдарынан 26 адам (19 әйел мен 7 ер адам) зардап шекті. Жедел жәрдем қызметімен Ақтөбе қаласы медициналық жедел жәрдем ауруханасына 13 адам жеткізілді, - деді полицияда.

1581747508_07829ff2-2789-4168-8fbf-eff34d755082.jpeg

Жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.



Өзгелердің жаңалығы