Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

17 Тамыз 2019, 08:20
1493
Бөлісу:
Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 1 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында ауаның ластануына себеп болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы