Ақтөбеде Antikor ortalyǵy ашылды
26 Желтоқсан 2019, 06:15 1576

Ақтөбеде Antikor ortalyǵy ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанында орналасқан Antıkor ortalyǵy сервистік ғимараты ашылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, кеңес беру орталығының ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, жобалық кеңсе жұмысшылары , ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшелері қатысты.
Ең бастысы - тұрғындарға қызмет көрсетуі. Ашықтық, жариялылық халық пен билікті жақындата түседі. Ақтөбеліктер сервистік орталықтың игілігін көреді деген сенімдемін, - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Сервистік орталықтың бірінші қабатында күту залы, балаларға арналған орын, "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті қызметкерлеріне арналған консультациялық және заңгерлік көмек көрсетуге арналған ашық кабинеттер орналасқан. Ал екінші қабатта жиналыс залы, кәсіпкерлер мен инвесторлардың қызметіне заңсыз араласатын сыбайлас жемқорлықты анықтауға, жолын кесуге бағытталған "Protecting business and investments" жобасының кеңсесі бар.

Жаңа кеңседе Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс басшысы Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, ауыл шаруашылығы, құқықтық мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Барлық өтініштер жеке бақылауға алынды. Мұқият зерттеуді қажет ететін айқын кейстер бар. Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне нақты тапсырмалар берілді және әрбір өтінішті егжей – тегжейлі қарастырып, шешімін табу қажет, - деді Алик Шпекбаев.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/aktobede-antikor-ortaly-y-ashyldy_a3598374


Фото: дереккөз
Загрузка...