Ақтөбеде Алғыс айту күніне арналған танымдық конференция өтті

1 Наурыз 2019, 11:26
2548
Бөлісу:
Ақтөбеде Алғыс айту күніне арналған танымдық конференция өтті

Астана. BAQ.KZ. Конференция жастардың елімізде тұратын халықтардың тарихына танымдық қызығушылығын арттыруға, әрі қарай өз білімін жетілдіруге ынталандыруға бағытталған. Бұл туралы assembly.kz хабарлады.

Ақтөбе облысының Қазақстан Ассамблеясының ғимаратында "Жаңғыру жолы" РЖҚ аймақтық штабы облыстық ҚХА хатшылығының және "Қоғамдық келісім" КММ қолдауымен "Ақтөбе жастары жаңғыру жолында" атты облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми форум 1-наурыз – Алғыс күніне орайластырылды.

Аталмыш конференция жастардың елімізде тұратын халықтардың тарихына танымдық қызығушылығын арттыруға, әрі қарай өз білімін жетілдіруге ынталандыруға бағытталған.

Жобаны қорғау "Менің халқымның тарихы", "Менің халқымның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" және "Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін тарихы" атты үш секция бойынша жүзеге асырылды.

Тарих ғылымдарының докторы Рахым Бекназаров өзінің тарихи тамыры туралы ұмытпайтын, бірақ өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын жастардың танымына қызығушылық танытты.

Конференцияны қорытындылай келе ол конференцияға қатысушылардың басым көпшілігінің мемлекеттік тілде сөз сөйлегенін тілге тиек етті. 

"Менің ойымша, бұл-бүгінгі ұрпақтың икемделгіш келетіндігіні көрінісі екендігіне назар аударды", - деді Рахым Бекназаров. 

Өзгелердің жаңалығы