Ақтөбеде ақбөкеннің мүйізін кескен браконьерлер ұсталды

19 Ақпан 2020, 07:20
1418
Бөлісу:
Ақтөбеде ақбөкеннің мүйізін кескен браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының далалық аймақта криминалдық және табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері "Камаз" автокөлігін тоқтатқан.

Оның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған, барлығы Әйтеке би ауданының жергілікті тұрғындары, автокөлікті тексеру кезінде 6 дана ақбөкен мүйізі, үш қоян және ара табылып, тәркіленген. Күдіктілер жайылымнан 100 шақырым жерде ақбөкен мүйіздерін кескендерін айтқан.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктіге сот "қамауға алу" шарасын қабылдады, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы