Ақтөбе облысында өртенген даланың видеосы жарияланды

7 Тамыз 2020, 20:22
1257
Бөлісу:
Ақтөбе облысында өртенген даланың видеосы жарияланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында болған ірі орман өртінің видеосы жарияланды.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамызда сағат 9:00-де Әйтекеби ауданы Белқопа ауылы маңында қамыстардың өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға болған жерге өртсөндірушілер шұғыл аттанған.

Қазіргі таңда өрт сөндіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 100 гектардан аса аумақты шарпыған. Мамандар өрттің одан әрі өршуіне жол бермес үшін қажет жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ауылға облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов пен Ақтөбе облысы ТЖД басшысы Марғұлан Аманбаев келді. Ауылға өрт қаупі төніп тұрған жоқ. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - делінген хабарламада.
 
















Өзгелердің жаңалығы