Ақтөбе облысында көлік апатынан жолаушы қаза тапты

3 Қаңтар 2019, 14:49
1611
Бөлісу:
Ақтөбе облысында көлік апатынан жолаушы қаза тапты

Астана, baq.kz. Ақтөбе-Алға автожолында көлік аударылып, бір жолаушы қаза тапты. 


Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2 қаңтар күні Ақтөбе-Алға автожолының 20-шақырымында Бестамақ кентінен 3 шақырым жерде Volkswagen Transporter көлігі аударылған. Жолаушы алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапқан. 

Ал екінші жолаушы Ақтөбедегі медициналық жедел жәрдем ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші алкогольді ішімдік ішпеген. Тіркелген оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзгелердің жаңалығы