Ақтөбе облысында екі басты бұзау туылды

6 Наурыз 2019, 15:43
2355
Бөлісу:
Ақтөбе облысында екі басты бұзау туылды

Алматы, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Ресеймен шектесетін Әйтекеби ауданына қарасты Комсомол ауылында екі басты бұзау туылды, деп жазды "Мой ГОРОД" басылымы.

Аудандық ветеринарлық станцияның басшысы Ақмарал Бахрадинованың түсіндіруінше, гендік мутация жүрген. Сиыр өзі тапқан бұқамен шағылысқан.

"Сиыр табынында күйек үшін арнайы бұқалар бар, алайда бұл сиыр жеке үйдің ауласында өзі тапқан бұқамен шағылысқан, нәтижесінде туыстық мутация жүрген. Бұған дейін ауданымызда мұндай болмаған", - дейді Ақмарал Бахрадинова.


Өзгелердің жаңалығы