Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 145 көлік құтқарылды

23 Қаңтар 2020, 19:39
1160
Бөлісу:
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 145 көлік құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдің әр бағытында жолда қалған көліктерге көмек берілді. Араларында үсік шалғандар немесе зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Толассыз жауған қардың салдарынан көптеген көліктер жолда қалған. Түскен әр түрлі хабарламалардың нәтижесінде барлығына көмек беріліп қауіпсіз жерге эвакуцияланды.

Әр түрлі уақытта түскен қоңыраулар бойынша жұмыстар атқарылды. Қар құрсауында қалған 145 көлікке көмек беріліп, жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарылғандардың арасында Ресей, Қырғызстан елінің азаматтары да бар, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы