«Ақтөбеге» міндетті түрде қайтып ораламын – Александр Симчевич

24 Шілде 2019, 19:54
1353
Бөлісу:
«Ақтөбеге» міндетті түрде қайтып ораламын – Александр Симчевич

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтөбе» командасының  сербиялық қорғаушысы Александр Симчевич маусым соңына дейін «Тараз» командасында өнер көрсетеді. Жанкүйерлер жақсы көріп Сима атап кеткен ойыншы клубтың баспасөз қызметіне «Тараз» командасына ауысатындығы жайлы айтып берді. 

«Шынымды айтсам, маған оңай болмады. Командаға ешқандай көмектесе алмайтындығыма қапалымын. Бұл жағдай маған байланысты емес екендігі, қатысым мүлде жоқ екендігі мені одан сайын қынжылтады. Мен «ақ-қызыл» отбасыға, стадионға, жанкүйерлерге қатты бауыр басып қалдым. Бірақ бұл менің шешімім емес – «бан» себепті «Ақтөбеде» ойнай алмайтын болғандықтан, мен басқа командаға ауысуға мәжбүрмін. «Тараздан» ұсыныс түскен кезде бірден келісім бердім. «Таразға» маған ұсыныс жасағандарына алғыс білдіремін, командаға көмектесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», - дейді футболшы. 

Ол биылғы маусым аяқталған соң, «Ақтөбе» қатарына қайта қосылатынын айтты. Сербиялық қорғаушы былтыр «Ақтөбе» командасын алаңға капитан ретінде бастап шығып жүрді.

«Мен міндетті түрде қайтып келемін. Мен «ақ-қызылдармен» бірге болғым келеді, бетін әрмен қылсын, тіпті Бірінші лигаға ұшып кетсе де командада ойнауға дайынмын», - дейді Александр Симчевич. 

Өзгелердің жаңалығы