Ақтөбе әкімі Мәжілістен аймақтың экологиялық мәселесін шешуге көмек сұрады

28 Ақпан 2020, 07:55
1303
Бөлісу:
Ақтөбе әкімі Мәжілістен аймақтың экологиялық мәселесін шешуге көмек сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі аймақтың экологиялық проблемаларын шешуге көмектесуді сұрады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілістің аймақтарды аралағаннан кейінгі отырысына депутат Глеб Щегельский, комитет хатшылары Артур Платонов, Құралай Каракен, Дархан Мыңбай, Ольга Шишигина, Геннадий Шиповский және басқалар қатысқан. 


Кездесуде өңір басшысы Көкжидедегі жер асты суларын бақылау және Шалқар көлінің түбін тазарту туралы нақты көмек берілуін айтты.

 

Ақтөбе облысы - индустриясы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Жыл сайын халық саны өсуде, әр түрлі салада жұмыс жасайтын және қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындар саны артып келеді. Сондықтан біз бүгін талқылайтын тақырыптар, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу және жою жүйесіне жаңа тәсілдерді енгізу біздің аймақ үшін өте маңызды, - деген облыс әкімі Оңдасын Оразалин.


Өзгелердің жаңалығы