Ақтөбе көшелеріндегі жол мәселесі талқыланды

15 Маусым 2020, 21:24
2826
Бөлісу:
Ақтөбе көшелеріндегі жол мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің "Сапалы жол" жобасы аясында қаладағы көлік жүру жолдарының жөндеу жұмыстарын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Шараға кеңсе басшысы Ж. Тұртаев, облыстық мәслихат хатшысы С. Қалдығұлова, облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Қалауов, облыстық жолаушылар көлігі және АЖ басқармасының басшысы М. Ибрашов, "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы, директоры Т. Мамаев және Ақтөбе облысының қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.

Мониторинг барысында жұмыс тобы алғаш болып С. Жиенбаев атындағы жолдың орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Мониторинг кезінде "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев аталмыш көшедегі асфальттың релиефі мен суағар арасындағы төмпешікті алдырту және суағарға арық қазу бойынша ұсыныс білдірді.

 Екінші кезекте жұмыс тобы Ташкентский көшесінің жағдайымен танысты. Бұл көшеде суағардың қазба жұмыстары кезінде жол бойында орналасқан ағаштарды тамырына дейін қазып, бақылаусыз қалдырған. Сметалық жұмыс жоспарын жасаған мердігердің суағарлар бойынша жасаған жұмысы өте нашар жасалғандығы ескертілді. Сонымен қатар, қазылған жерлерге шектеу ленталары тартылмағанды байқалды.

Келесі кезекте Кленовая көшесінің жөндеу жұмыстарына көңіл бөлінді. Жұмыс тобымен аталмыш көшенің жиегінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдың қажеттілігі жоқ екендігін ескеріліп, және алдағы уақытта сметалық шығынға аталмыш жолдың қажеттілігі бойынша қосылуын ескеруге ұсыныс білдірілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері "Сапалы жол" жобасы аясында "Ақтөбе – адалдық алаңы" өкілдері 5 мониторингтік жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, тиісті органдарға анықталған кемшіліктер және естертулер бойынша ұсыныстар берілді. Қазіргі таңда облыс әкімінің қолдауымен облыста 7 жұмыс тобы құрылып, апта сайын аталмыш бағыт бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

"Ақтөбе – адалдық алаңы" аталған жұмыстармен шектеліп қоймай, жемқорлықты жою және халықтың өміріне қолайлы жағдай жасау мақсатында күнделікті еңбек етуде.

Өзгелердің жаңалығы