"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады

2 Шілде 2020, 12:59
1190
Бөлісу:
"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154  шақырымында қозғалыс ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар 160-220 "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жолдың 60 шақырымындағы жұмыстарды жолшылар жоспарға сәйкес орындап жатыр.

Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылуда. 

Бұл жұмыстар аяқталған соң ені 9 метрді құрайтын қозғалыс бөлігі бар тасжол ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілетін болады. Жолдың осы учаскесіндегі жұмыстарға шамамен 175 адам мен 116 техника жұмылдырылған. Жол учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын Todini Costruzioni GeneraliS.p.A. мердігерлік компаниясы, техникалық бақылау шараларын "ConsultEnginering" және "ZS Enginering" компаниялары жүзеге асыруда.

Жалпы алғанда, биыл Ақтөбе облысында "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылмақ. Бұл - жолдың 160-220, 236-275 және 275-330 шақырымдарының аралығы.

Еске салайық, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1892 шақырымды құрайды. Жолдардың шамамен 70% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

Өзгелердің жаңалығы