Ақтөбе қаласына аудандар сый жасайды

27 Мамыр 2019, 16:21
1483
Бөлісу:
Ақтөбе қаласына аудандар сый жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының 150 жылдығына 12 аудан көгалдандыру және абаттандыру жұмысын жүргізеді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Аудандар 8 саябақ салып, төртеуін жөндеуден өткізеді. Қала әкімінің баспасөз қызметінің айтуынша, жөндеу жұмыстары 22 мамыр күні басталып, 5 маусымға дейін жалғасады.

«Алға ауданы Мәңгілік алау маңын қалпына келтіруді көктемде бастады. Мұғалжар ауданы Жеңіс даңғылындағы саябақты жөндейді. Хромтау ауданы Әбілқайыр хан даңғылындағы саябақты ретке келтіріп, Әйтеке би, Қарғалы, Ырғыз, Ойыл, Темір, Мәртөк Есет батыр, Бөкенбай батыр көшелері, Сәңкібай батыр, Әлия Молдағұлова даңғылдарын көгалдандырып, абаттандырады. Қобда ауданы Едіге батырға ескерткіш орнатып, сол даңғылды жасап береді», - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

 

Өзгелердің жаңалығы