Бас жаңалықтар
Ақсу ферроқорытпа зауыты 1 млн тонна қалдықты қайта өңдеді
14 Ақпан 2020, 15:30 574

Ақсу ферроқорытпа зауыты 1 млн тонна қалдықты қайта өңдеді

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақсу ферроқорытпа зауыты бір жылдың ішінде шлактың 1 млн тоннасын қайта өңдеп, кәдеге жаратты. 

Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайту мақсатында зауыт қуатты газ тазарту құрылғылардың көмегімен 24 мың тоннадан астам шаң да өндірістің қажетіне қолданылды.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда зауыт экологиялық міндеттемелерін дұрыс орындау мақсатында заманауи технологиялары енгізіп жатыр. Шлакты қайта өңдеу - бұл саясаттың айқын міндеті. 

Қайта өңдеудің арқасында бүгінде қалдық үйінділері сақталмайтын болды. Алдағы уақытта өндіріс ошағының аумағында үйіліп жатқан қалдықтарды да біртіндеп өңдейміз. Нәтижесінде тауарлы феррохром, қиыршық тастар мен металл концентраттары жасалады. Бұл өнімдер тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие, - дейді зауыт басшысы Сергей Прокопьев. 

 Ал өндірістік шаңның құрамында агломерация цехына арналған шикізат алынады. Былтыр қалдықтардан 250 мың тонна агломерат шығарылды. 

Айта кетейік, былтырғы жылы зауыт экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға 8 млрд теңге бөлген. Осы жылы тағы бір газ тазарту кешенінің құрылысы басталып, газ өңдеу жүйелерінің сүзгілері ауыстырылмақ.

Экология - облыстағы күрмеуі қалың мәселелердің бірі. Өткен жылы табиғатты қорғау шараларына облыстық бюджеттен 1514,42 млн теңге жұмсалған. Ал ірі кәсіпорындар 14,4 млрд теңге бағыттаған.


Фото: автордан
Загрузка...