Коронавирус. Қытай ақшаны жояды

18 Ақпан 2020, 14:26
2096
Бөлісу:
Коронавирус. Қытай ақшаны жояды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі коронавирус індетінен зардап шеккен аудандарда жиналған ақшаның бір бөлігін жою туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы "МИР 24" сайтында хабарланды. 

Біріншіден, олар ауруханаларда, базарларда және көлікте жиналған банкноттарды утилизациялайды. 

Жойылмайтын қағаз ақшалар дезинфекцияланады. Олар ультракүлгін сәулемен өңделіп, екі апта ішінде карантинге жіберіледі деп жоспарлануда. 

Осыдан кейін ғана ақшаны қайтадан айналымға жібереді. 

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда инфекция тудырған пневмониядан зардап шеккендер саны 1900 адамға жетті. Ал, 12,5 мыңнан астам тұрғын сауығып кетті. Жұқтырғандардың саны – шамамен 72,5 мың адам. Сонымен қатар, Қытайдан тыс жерде 28 елде инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы