АҚШ-тың бас инфекционисі елдегі жағдайдың күрделі екенін айтты

29 Маусым 2020, 11:51
1022
Бөлісу:
АҚШ-тың бас инфекционисі елдегі жағдайдың күрделі екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бас инфекционисі, АҚШ-тың аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи елдегі коронавирус індетін жұқтыру жағдайы өте күрделі мәселе екенін айтты,  деп хабарлады "BBC".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сәйкес, 26 маусымда АҚШ-та 45 мыңнан астам жаңа вирус жұқтыру жағдайы анықталды, бұл бір күн бұрын белгіленген алдыңғы антирекордтан асып түсті (онда бір тәулікте 40 мыңнан астам жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген болатын).

АҚШ-та пандемия басталғалы бері 2,4 млн адамның вирус жұқтырғаны анықталса, COVID-19-дан 128 мыңнан астам америкалық қаза тапты. Бұл абсолютті әлемдік антирекорд.

Жұма күнгі брифинг кезінде Ақ үй өкілдері жастарды ауру белгілері болмаса да, вирус сынағынан өтуге шақырды. Сарапшылардың пайымдауынша, аурудың өсуі өткізілетін тесттер санының көбеюімен түсіндіріледі.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар вирус жұқтыру бойынша нақты сандар ресми мәліметтерден 10 есе жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті.  Кейбір штаттарда - мысалы, Техас, Флорида және Аризонада жағдайдың нашарлауы биліктің бұған дейін қабылдаған коронавирустық шектеулерді алып тастау мәселесін кейінге қалдыруға мәжбүр етті.

Өзгелердің жаңалығы