АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

14 Ақпан 2019, 18:14
1572
Бөлісу:
АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып тағайындалды.

Мұндай ақпарат АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды.

«Уильяма Мозерді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып ант қабылдауымен құттықтаймыз! Жақын арада оның келуін күтеміз», - делінген жазбада.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл лауазымға Уильяма Мозерді 2018 жылдың тамыз айында ұсынған болатын.

Мозер дипломатиялық қызметте 1984 жылдан бері жұмыс істеуде. Ол бұған дейін АҚШ-тың Украинадағы, Қазақстандағы, Египет, Суринаме және Мали елшіліктерінде жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы