АҚШ-та үйдің үстіне ұшақ құлап, бір адам жоғалды

18 Тамыз 2019, 13:23
1913
Бөлісу:
АҚШ-та үйдің үстіне ұшақ құлап, бір адам жоғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та тұрғын үйдің үстіне ұшақ құлап, бір адам қаза тапты.

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында Cessna 303 шағын ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады. Ұшақ бортында үш адам болған, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-тың Азаматтық авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, ұшақ 17 тамыз күні Датчесс округіндегі үйдің үстіне құлаған. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

NBC New York мәліметіне сай, апат салдарынан бір адам қаза тапқан.

Ұшақ құлағаннан кейін үй өртке оранып, толығымен қираған. Ұшақтың бір жолаушысы қайтыс болған, тағы біреуі жарақат алған. Оқиға болған кезде үйде үш адам болған. 21 жастағы қыз ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен, 30 жастағы әйел зардап шекпеген. Ал тағы бір ер адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы