АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге Джордж Флойдтың тұншықтырылуы себеп болған

2 Маусым 2020, 13:39
2602
Бөлісу:
АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге Джордж Флойдтың тұншықтырылуы себеп болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүрегінің тоқтап қалуына полиция қызметкері Дерек Шовен Флойдтың мойнынан басып тұрғаны себеп болған.

Сарапшылар афроамерикалық азамат Джордж Флойдтың жүрек және тыныс алу тоқтауынан қайтыс болғанын хабарлады. Жүрегінің тоқтап қалуына полиция қызметкері Дерек Шовен Флойдтың мойнынан басып тұрғаны себеп болған деп жазады ru.euronews.com.

ТАСС хабарлағандай, Флойдтың ағзасында патологоанатомдардың қорытындысына сәйкес, есірткі заттарымен улану іздері табылған.

Сот-медициналық сарапшы Майкл Байден "мойынның қысылуы салдарынан болған асфиксия азаматтың өліміне себепші" болғанын мәлімдеген. Ал Флойдтың отбасы жалдаған мамандар жүргізген екінші сараптама азаматтың тұншықтырудан қайтыс болғанын анықтады.

Қаза тапқан Флойдтың отбасы мүшелерін қолдауға келгендерге ағасы Теренс Флойд: "біздің даусымыз бен пікіріміз маңызды емес деп ойлауды тоқтатайық. Дауыс беруге барайық. Ешкімнен нұсқаулықтар мен ұсынымдар күтпей, болып жатқан жағдайды өз бетімізше саралауды үйренейік", - деді.

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама көшелерге шығып кеткендерді қазір болып жатқан трагедияны Әділет реформасы пунктіне бағыттауға шақырды.
Наразылықтар – бұл полиция қызметкерлерінің қылмыстық-құқықтық жүйесі мен нұсқаулықтарын орындау тәртібін өзгертуді талап еткен адамдардың дауысы. Біз зорлық-зомбылыққа жүгінетіндерді айыптаймыз, бірақ біз өз парызымызды адал орындап жүргендерді құрметтейміз, - деді экс-президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Нью-Йорк мэрі мегаполисте коменданттық сағат енгізді, ол жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 23:00-ден таңғы 05:00-ке дейін жұмыс істейді. Ұйғарымды бұзғандар үш айға дейін түрмеге жабылып, $500 мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Айта кетейік, АҚШ штаттарындағы жаппай тәртіпсіздіктер Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері қолынан қаза болған афроамерикалық азамат Джордж Флойд оқиғасынан соң басталды.




Өзгелердің жаңалығы