АҚШ-тағы ауру деңгейінің өршуіне жаппай оқшаулану режимінің енгізілмеуі себеп - сарапшы

15 Шілде 2020, 09:50
1123
Бөлісу:
АҚШ-тағы ауру деңгейінің өршуіне жаппай оқшаулану режимінің енгізілмеуі себеп - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ билігі оқшауланудың жаппай режимін енгізе алмады, соның салдарынан коронавирус ел бойынша таралуын жалғастыруда. Бұл туралы COVID-19-бен күрес жөніндегі жұмыс тобының бас сарапшысы, доктор Энтони Фаучи айтты, деп жазады interfax.ru.

Біз толық жабылмадық, сол себепті бізде сырқаттану деңгейі жоғары болып тұр, - дейді ол.

Фаучи АҚШ-та бұған дейін күніне шамамен 20 мың жағдай анықталып, эпидемиологиялық жағдайды салыстырмалы түрде тұрақтандыруға қол жеткізілгенін атап өтті. Дегенмен, дәрігер көрсеткіштер әлі де жоғары екенін, шектеу шаралары біртіндеп алына бастаған соң Калифорния, Аризона, Техас, Флорида штаттарында ауру қайта өшігенін жеткізді. 

Ол бірқатар штат қауіпсіздік критерийлерін сақтамай экономикалық белсенділікті жаңарта бастағанын айтты. Сонымен қатар, Фаучи АҚШ-тың шектеулердің толық спектрін қайта енгізуге міндетті емес деген пікірін білдірді. Ол "сәл кері шегініп, содан кейін ұсыныстарды мұқият сақтай отырып, қадам жасауға болады" деп түсіндірді.

Айта кетейік, АҚШ коронавирус инфекциясын жұқтыру саны және әлем елдері арасында өлім-жітім жағдайы бойынша бірінші орында тұр. Worldometer статистикалық сайтының мәліметіне сәйкес, Құрама Штаттарда вирустың өршуі басталғаннан бері 3,47 млн астам жұқтыру оқиғасы анықталып, 138 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы