АҚШ-та тәртіпсіздіктер басылмай тұр

30 Мамыр 2020, 06:29
1535
Бөлісу:
АҚШ-та тәртіпсіздіктер басылмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы ереуіл басылмай тұр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ашуға бой алдырғандар көшеде тәртіпсіздік жасады. Өрт сөндірушілер түнімен шаһар көшелеріндегі өртті ауыздықтаумен әлек болды. Жиналған жұртты тарқату үшін Миннесота губернаторы Ұлттық гвардия ұландарын көмекке шақырды.

Естеріңізге салайық, халықтың бұлай ашулануына афроамерикалық Джордж Флойдтың қазасы себеп. Полиция қызметкері оны тұтқындау кезінде жерге жатқызып мойнын аяғымен басып тұншықтырып тастаған.

Оқиғадан кейін 4 полиция қызметкері жұмысынан босатылды.
Өзгелердің жаңалығы