Бас жаңалықтар
АҚШ-та репортер тікелей эфир кезінде тұтқындалды
VIDEO
30 Мамыр 2020, 14:13 720

АҚШ-та репортер тікелей эфир кезінде тұтқындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құқық қорғау қызметкерлері журналиске сюжетті аяқтауға мұрша бермей, миллиондаған көрерменнің алдында оның қолына кісен салған.

АҚШ-тың Миннеаполис штатының полицейлері CNN репортері Омар Хименесті тікелей эфирде тұтқындады. Журналист өңірдегі азаматтық тәртіпсіздіктер туралы хабар таратып жатқан болатын. Оның "мені не себепті тұтқындап жатырсыздар", деген сұрағына тәртіп сақшылары жауап бермеді, деп жазады CNN.

Омар Хименс CNN телеарнасының "Жаңа күн" бағдарламасы барысында эфирге шығып, Миннеаполис штатында болып жатқан оқиғалар туралы айта  бастаған еді. Алайда, құқық қорғау қызметкерлері оны жұмысын аяқтауға мұрша бермей, студиядағы тележүргізушілер мен миллиондаған телекөрерменнің көз алдында тікелей эфирде тұтқындады.

Хименстің қолын кісендеп алып кетіп бара жатқанын CNN түсіру тобының операторы бейнеге басып үлгерген. Тұтқындау кезінде репортер оның не үшін қамауға алынғанын сұрайды, алайда, полицейлер оған жауап бермейді.

Кейін Twitter-де CNN баспасөз қызметі түсіру тобының басқа да мүшелері тұтқындалғанын жазды.

Еске сала кетейік, Миннесота штатындағы жаппай тәртіпсіздіктер Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері қолынан қаза болған афроамерикалық азамат Джордж Флойд оқиғасынан соң басталды.



Фото: дереккөз
Загрузка...