АҚШ-та коронавирустан бір тәулікте 1700-ден астам адам көз жұмды

9 Сәуір 2020, 02:22
1211
Бөлісу:
АҚШ-та коронавирустан бір тәулікте 1700-ден астам адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус бүкіл әлемді алқымнан алып тұр. Медицинасы дамыған АҚШ-тың өзінде бір тәулік ішінде 1736 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Хабар 24".

АҚШ-та 400 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Оның шамамен 13 мыңы көз жұмды. Көбі – Нью-Йорк штатының тұрғыны. Аурулар қатары күн санап мыңдаған адамға артып жатқандықтан, ауруханалар оларды қабылдап үлгермей жатыр. Науқастардың бір бөлігі енді шіркеуге орналастырыла бастаған. 

Мәселен, Нью-Йорктегі Иоанн Богослов кафедралдық шіркеуінде арнайы 9 шатыр құрылып жатыр. Оған 200 науқас сияды. Мәйіт көбейген соң Пентагон өңірге жерлеу бригадасын аттандырды. 

Сондай-ақ мың әскери дәрігер де келіп жетті.

Өзгелердің жаңалығы