АҚШ пен тәліптер бейбіт келісімге келді

15 Ақпан 2020, 11:16
1674
Бөлісу:
АҚШ пен тәліптер бейбіт келісімге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ауғанстанның қорғаныс министрі Ашраф Гани Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесті.

АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы уәкілі Залмай Халилзада мен тәліптердің Дохадағы өкілі келісімнің соңғы детальдарын талқылап, келіскен. Бұл туралы Associated Press агенттігінің сайтында хабарланды. АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі 14 ақпанда АҚШ пен тәліптердің бейбіт келісімге қол жеткізгенін хабарлады. 

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, келісім жақын арада күшіне енуі тиіс және ақырында АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кетуі мүмкін. "Күш қолданбау туралы жетікүндік" алғашқы келісім күшіне енген күннен бастап он күн өткен соң барлық ауғандықтарға ортақ бейбіт келісім жүзеге асуы тиіс деді АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі. 

Американың ресми өкілдері АҚШ билігі тәліптердің қысымына төтеп бере алмай, олардың талаптарына келісті деген сыбысты жоққа шығарды. Олардың сөзіне сүйенсек, Трамп Ауғанстаннан Америка әскерін алып кетуге келіскенмен, алайда тәліптердің АҚШ әскеріне шабуылынан кейін алдыңғы келісімге соңғы сәтте қол қоймай қойған.

Өзгелердің жаңалығы