АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту мақсатында топ құрылды

17 Қараша 2019, 16:04
7283
Бөлісу:
АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту мақсатында топ құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше конгрессмендер екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында осындай топ құрыпты, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның тең төрағалары болып Стив Шабот, Грегори Микс және Роберт Адерхольт сайланды. Олардың негізгі бағыты топ ішіндегі жұмысты үйлестіру болып табылады. Өткен жылдың қаңтар айында Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапары және мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың биыл қырүйектегі Нью-Йоркке сапары кезінде көтерілген мәселелер мен іскерлік қарым-қатынастардың жүзеге асуына мұрындық болатын топ мүшелері парламентаралық байланыстың нығаюына да мүдделі. Жалпы АҚШ тарихында кокустар дәстүрі XVIII ғасырдан бастау алады. Ол кезде кокус қандай да бір саяси мақсатқа жету үшін құрылатын. Ал қазір олар АҚШ-тың заң билігінде кеңінен таралған.


Өзгелердің жаңалығы