АҚШ Иерусалимді бөлуге арналған құжатты ұсынады

29 Қаңтар 2020, 03:21
1670
Бөлісу:
АҚШ Иерусалимді бөлуге арналған құжатты ұсынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақ үй Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті реттеуге арналған жоспарын ұсыну керек. Құжатқа сәйкес, тараптар жылдар бойы таласқан аймақтарды өзара бөліп алуы тиіс, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Дональд Трамп даулы аймаққа айналған Иерусалимді Израильдің территориясына жатқызып отыр. Палестина болса, бұған үзілді-кесілді қарсы. Осыған орай палестиналықтардың жақтастары Газа секторында орналасқан БҰҰ ғимаратының алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Ашуға бой бергендер АҚШ саясатына қарсы ұрандатып тәртіпсіздік орнатты.

Естеріңізге салайық, Израиль мен Палестина арасындағы қайшылық пен тартыс көп жылдардан бері жалғасып келеді. Бүгінде тараптар өңірдегі аса маңызды Иерусалим қаласы үшін таласып жатыр. Екі жақ та бұл шаһарды өздерінің бас қаласы ретінде санайды.



Өзгелердің жаңалығы