АҚШ Бағдаттағы жарылысқа қатысы бар екенін хабарлады

3 Қаңтар 2020, 12:20
4470
Бөлісу:
АҚШ Бағдаттағы жарылысқа қатысы бар екенін хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка құрама штаттары 3 қаңтарда Бағдаттағы Иранмен байланысы бар екі нысанға соққы берді. 

АҚШ Ирактағы әуежай маңындағы нысандарға зымыран атқанын растады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазады.

Пентагон әзірге бұл хабарламаға қатысты мәлімдеме жасамады.

БАҚ таратқан ақпараттарға қарағанда, Бағдат әуежайы маңына зымыранмен шабуыл жасалғанда Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары аль-Хашд аш-Шааби Абу Махди аль-Мухандис қаза тапқан. 

Ал әуежайдан шығып келе жатқан көлік колоннасына жасалған соққы салдарынан ирандық Революция сақшылары корпусының Кудс арнайы бөлімшесінің басшысы, генерал Касим Сулеймани қайтыс болған.

Ирактың шейіт жасағы өздерінің бес мүшесі мен ұйымның "екі қонағы" қаза тапқанын хабарлады.
Өзгелердің жаңалығы