Ақпарат саласының үздіктері анықталды

26 Маусым 2020, 09:37
2386
Бөлісу:
Ақпарат саласының үздіктері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған онлайн-марафон барысында ақпарат саласының үздік мамандарын марапаттады. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 22 маусымдағы  №199 бұйрығына сәйкес, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен бірқатар журналист марапатталды. 

Марапатты "Қазақстан" ұлттық арнасы эфир саясаты, анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкенова, "Хабар24" телеарнасының тілшісі Қанат Базылханов, "Айқын" газетінің фототілшісі Айтжан Мұрзанов, "Казахстанская правда" газетінің спорт бөлімінің редакторы Асқар Бейсенбаев, Қазмедиа орталығы директорының орынбасары Райхан Әбдешева алды. 

Сондай-ақ, төсбелгімен облыстарда бірқатар сала маманы марапатталуда. Олардың арасында отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан, еңбек өтілі 30 жылдан асқан шын кәсіби мамандар бар. Мереке қарсаңында БАҚ-тың 55 өкілі ерекше төсбелгімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Аида Балаева ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған онлайн-марафон барысында журналистерді құттықтап, оларды қоғамның жанашыры деп айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы